Әлем

Көлігін ұрлағалы жатқанын көрген жігіт тыр жалаңаш үйінен атып шықты

Ер адамның қымбат көлігін 17 жастағы мас бозбала мініп кетпек болған
Sputnik

АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Англияның Ньюкасл қаласында он мың фунт стерлинг тұратын Range Rover көлігін бозбаланың ұрлағалы жатқанын байқап қалған ер адам түн ішінде тыр жалаңаш далаға атып шықты, деп хабарлайды Mirror.

Қазақстанның батысында жартылай жалаңаш қыздар көлік жуып жатыр - видео

Бақылау камерасына түсіп қалған видеода, ер адам көлігінің дабылын естіген бойда, үйінен жалаңаш күйде атып шығып, 17 жасар бозбаланы жерге алып ұрады.

Сөйтсе, қымбат темір тұлпардың иесі көлігін бекітуді ұмытып кетіпті. Ал жас автоұры мас болып шықты.

Шымкенттің қамсыз тұрғыны көлігінен айырылып қалды

Ұсталған бойда "кешіріңіз, кешіріңіз" деп байбалам сала жөнелген.

"Бар мақтанышым – осы көлігім. Оны ешкімнің ұрлауына жол бермеймін", — дейді Range Rover иесі.

Жігіт ұрының жап-жас бала екенін көріп қоя берсе де, полиция бәрі бір бозбаланы қолға түсіріпті. Дегенмен, темір тұлпар иесі шағымданғысы келмейтінін мәлімдеді.

Оралда 9 жасар бала үш рет көлік ұрлады