Қоғам

Астана тұрғыны қомақты ақша тауып алды

Жүргізуші көлігінде бейтаныс жігіт ұмытып қалдырған әмиянды Табылған заттар бюросына алып барды
Sputnik

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Астана қаласының тұрғыны ірі көлемде ақша салынған әмиянды иесіне қайтарып берді. 

Астанада полицей Қытай қонағы жоғалтқан алтын білезікті тауып алды

Астана қаласы ІІД Табылған заттар бюросына Құрманғалиев хабарласты. Оның айтуынша, түнде көлігіне мінген жігіт құжаттарын, банкомат және дисконт карталарын, ақша салынған әмиянын қалдырып кеткен.

Бейтаныс жігіт ұмытып қалдырған әмиянды жүргізуші Астана қаласы ІІД Табылған заттар  бюросына алып барған, сол жерде әмиян иесінің ұялы телефоны анықталды. Табылған заттар бюросының қызметкері жоғалған заттың иесімен байланысқа шықты, деп хабарлады Астана қаласы ІІД. 

Әсет Сапаржановқа құжаттары және ақша салынған әмияны қайтарылды. Әсет құжаттарын некесін қиятын күні қайтарып алғанын айтады. Ол адал жүргізушіге, сондай-ақ жедел жұмыс істеген полиция қызметкерлеріне зор алғысын білдірді.

Қазақстанда саяхаттап жүрген шетелдік студент әмиянын жоғалтып алды