Өңірлер

Шымкентте жас ана мен омыраудағы сәбиі жазатайым оқиғаның құрбаны болды

Екі көлік бір-бірімен соқтығысып, біреуі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып кеткен
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 24 тамыз — Sputnik. Шымкент қаласындағы жантүршігерлік жол апатынан жас ана мен омыраудағы сәбиі көз жұмды, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

Бүгін таңертең сағат 7 кезінде ірі жол апаты болды. Т. Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысып қалыпты.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Daewoo көлігінің жүргізушісі "Еуразия" базарына қарай бұрылған. Сол сәтте оған "Гипер Хаус" сауда үйі жақтан келе жатқан "Мерседес" көлігі соғылады. Daewoo қатты соққының салдарынан ығысып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып кетті. Оқиға салдарынан жас ана мен омыраудағы сәбиі көз жұмды. Daewoo сол екпінмен бірнеше метр алыста тұрған "Опель" көлігіне соғылған. Көліктегі жолаушылар сыртқа шығып үлгерген, ал іште қалған жүргізуші қатты соққыдан есінен танып қалады. Daewoo көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

салдарынан көлік кептелісі пайда болды. Апатқа ұшыраған көліктерді эвакуатормен айыптұрағына алып кетті.

Шымкентте жазасын өтеушілер түрмедегі біраз былықтың бетін ашты