Видео

Ірі шенеуніктердің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаржы министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктерінің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады
Sputnik

Шпекбаев қандай органдарда сыбайлас жемқорлық жиі жасалғанын айтты
Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алулар саласында 250 жемқорлық қылмысы тіркелді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Құқық бұзушылықтар тендерлерді бөлу кезіндегі бұрмалаушылықтар, заңсыз шарт жасасу, атқарылған жұмыстар үшін жалған актілерге қол қою сияқты әрекеттерді қамтиды.

"2016 жылдың басынан бері мемлекеттік кірістерге жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты 251 қылмыстық іс қозғалды. Жемқорлық саласындағы "көшбасшылар": салық қызметі– 110 қылмыс, кеден – 103 және экономикалық тергеулер қызметі — 36", — деп хабарлайды агенттік.

Шенеуніктердің қалай ұсталғанын видеодан қараңыз.

Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды

Шымкентте 30 полицей не үшін сотталып жатыр?