Оқиға

Қала орталығында ер адам полицейлерге оқ жаудырды - видео

Мәскеуде полицейлерге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалған
Sputnik

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Ресейдің астанасы Мәскеу қаласы орталығында ер адам кенеттен еш себепсіз екі құқық қорғаушыға оқ ата бастайды.

Оқиға Мәскеу орталығында Сивцев Вражек көшесінде кешкі мезгілде болды. Шабуыл кезінде полицейлердің бірі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости. Қарулы ер адамға оқ атып, жарақаттап, тоқтатқан.

Оны ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен полицейге де медициналық жәрдем көрсетілді. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Алматыдағы теракт: қанды қырғынның ортасында болған адамның әңгімесі

Кейінірек белгілі болғандай, полицейлерге 31 жастағы Қабарда-Балқар Республикасының тумасы шабуыл жасаған екен. Бұл әрекетінің себебі белгісіз.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қастандық жасау туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Тергеу комитеті.