Оқиға

Алматыда автобус апатқа ұшырады: 12 жолаушы ауруханада жатыр

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 тамыз — Sputnik. Алматыда барахолка базары маңында Солтүстік шеңбер бойында автобус жол апатына ұшырады.

Шымкентте жас ана мен омыраудағы сәбиі жазатайым оқиғаның құрбаны болды

Оқиға куәгерлері мен автобус жүргізушісінің айтуынша, қоғамдық көлік Солтүстік шеңбер бойында жолағында кетіп бара жатады. Соол бағытта Toyota Carina E көлігі де келе жатады. Жеңіл көлік жүргізушісі алды-артына қарамастан шалт бұрылады. Автобус жүргізушісі тежегішті басқанына қарамастан, көлікке бір-ақ соғылыпты.

Алматы облысында автобус аударылды

Жол апаты салдарынан автобустың 12 жолаушысы зардап шекті. Әртүрлі жарақат алған олардың жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталмақ.

1 / 3
Алматыда автобус апатқа ұшырады
2 / 3
Алматыда автобус апатқа ұшырады
3 / 3
Алматыда автобус апатқа ұшырады