Тар көшеде жылқылар көліктердің жолын көлегейлеген соң, шыдамсыз жүргізушілер наразылықтарын білдіріп, сигналды баса жөнелді.
Видеода аттардың тұяғының үні бірнеше минут үзілмей тұрады. Үйірде қанша жылқы болғаны белгісіз.
Бұл жайтты видеоға түсіргендердің айтуынша, оқиға Түркістан облысында Шымкенттен 200 шақырым қашықтықта орналасқан Жетісай қаласында болған.