Қоғам

Әйел адам "пайдаға кенелесің" деп бал ашқан бақсыны тонап кетті

Бақсы жуырда үлкен олжа күтіп тұр деп бал ашқанда, әйел адам оны тонап кеткен
Sputnik

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қырымдағы Симферополь қаласында қарт балгерді өзінің бұрынғы клиенті тонап кеткен. 

РИА Новости мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы әйел 62-дегі бақсыға бал ашқызуға барыпты. Балгер әйел адамға "жуырда олжалы боласың" деп болжаған, ал клиент тағдырдың сыйын күтпей, бақсының 70 мың рублін (374 мың теңге) тонап кетсе керек.

Күдіктіге қатысты ұрлық туралы қылмыстық іс қозғалды, әйел адам кісі тонағаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.