Оқу-жаттығу кезінде ғимараттың техникалық жабдықталуы мен дабыл қағу жүйесі тексерілді. "Өртті" сөндіруге сегіз техника мен отыз адам қатысқан.
2010 жылдан бері салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" ғимараты бұрын бірнеше рет отқа оранған еді.
2016 жылы ол жерде газ баллондар жарылды. Оқиғадан кейін ғимараттың өртеніп кеткен бөлігін қайта салуға тура келді.
Сол жылы наурыз бен сәуір айларында ғимараттың жер астындағы бөлігінде өрт шығып, былтыр қарашада жатақханадағы ас үй өртенді. 2018 жылдың сәуір айында 38-40 қабаттар арасындағы тент жанып кетті. Өртті құрылысшылардың өзі сөндірген.
Әкімдік жұмыссыз қалған "Абу Даби Плаза" құрылысшыларына қалай көмектеседі
Ұзақ салынып жатқан зәулім ғимаратта барлығы бес рет өрт болды.
Құрылыс 2018 жылдың соңында аяқталуы тиіс.