Видео

Қытайлық өнертапқыш ұшатын скутер ойлап тапты – видео

Ұшатын скутерді қытайлық Дели Джао жасап шығарды. Ерекше көліктің жылдамдығын сағатына 70 киллометрге дейін арттыруға болады, алайда әзірге әуеде өткізілген уақыт 36 минутпен шектеліп отыр
Sputnik
Өнертапқыш бұл ұшу аппаратын жасауға екі жылдан астам уақытын жұмсаған, алдағы уақытта оны жетілдіруді жоспарлап отыр.   
Дели Джао ұшатын көлік жасау бала күнгі арманы екенін айтады, тек араға ұзақ жылдар салып, оны іс жүзінде жүзеге асыруға шешім қабылдапты.
Жұрттың зәресін алған ұшатын нысан көлік жарысын түсіретін аэростат болып шықты
Скутер 220 килограмды көтере алады және жылдамдығын 70 км/сағатқа дейін арттырады. Өнертапқыш көлік құралын нарыққа шығару үшін оны сынақтан өткізуді жалғастырып жатыр.