Өңірлер

Жүкті әйелді дуалаумен айналысты деп айыптап, үш сағат бойы тергеген

Өскемен тұрғынын жауапқа тартып, дуагерлікпен айналысқанын мойындауға мәжбүрлеген
Sputnik

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Өскемен полициясы үш сағат бойы жүкті әйелдің дуагерлікпен айналысқанын анықтауға тырысқан, деп хабарлайды Қазақстанның адам құқығы халықаралық бюросы.

ШҚО-да жүкті әйел баланы алдыртуға ақша бермеген сүйіктісін пышақтап өлтірді

Құқық қорғаушыларға Сабина Ускокова хабарлағандай, биыл 25 мамырда кешкі ас кезінде қоңырау шалып, Үлбі бөлімшесіне жауап беруге келуін талап еткен. Оны алып кетуге көлік жібермегендіктен, әйел адам күйеуімен полицияға өзі барады.

Бөлімшеде тергеуші жүкті әйелді бөлмеге кіргізіп, ішінен бекітіп алып, үш сағат бойы оның бақсылық қасиеті бар ма, адамдарды дуалаумен айналыса ма екенін анықтамақ болып, жауап алған. Әйел адамға дауыс көтеріп, мойындатуға тырысқан.

Бақсы ақырзаманның қашан болатынын айтты

Шындығына келгенде, Ускокованың атына жазбаша шағым түсірілмеген екен, күйеуінің бұрынғы әйелі мен бұрынғы серіктесі ауызша арызданған болса керек. Бизнестегі бұрынғы серіктесі полицейлердің көзінше Сабинаны күйеуінің бұрынғы некесін дуамен бұзды, адамдарды дуалап, дертке шалдықтырады деп айыптаған.

Шымкентте 2 жылға созылған тергеу аяқталды: сот алдына 30 полицей келді

Жауап алу кезінде әйел адамға моральдық қысым көрсеткендіктен, ол бөлмеден шығуға талпына бастайды. Сабинаны сол кезде ғана босатады.

Ол облысы ішкі істер департаменті жеке қауіпсіздік басқармасына полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағым түсіреді – полицейлерді тексерген соң, қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартқан.

Бір ауруханада істейтін 16 медбике жүкті болып қалды

Дуагерлік жасады деп айыптағандарды Сабина Ускокова әлі жауапқа тарта алған жоқ. Сот нақты айғақтарды сұрап отыр. Бірақ әйел адам бұл істі жылы жауып қоя салмай, әділдікке қол жеткізуді көздейді.