Әлем

Базардағы адамдар күдіктіні өздері жазалады – видео

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда әйел қаумалаған адамдардан қашып барып, каналға секіріп кеткені көрінеді
Sputnik

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Өзбекстанның Әндіжан облысында жергілікті тұрғындар ұрлық жасады деген күдікке ілінген әйелді ұстамақ болды, деп жазды "Газета.uz".   

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, онда әйел қуғыншылардың қолынан босап, қашып шыққаны көрінеді, адамдар оның киімін шешіп алып қалған. Ішкиіммен қалған ол өзенге ағып кетеді.   

Көптеген қолданушы мұны "сотсыз жазалау" деп қабылдады. Дегенмен Әндіжан облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тұрғындар әйелді ішкі істер органдары қызметкерлеріне ұстап беруге тырысқанын мәлімдеді.  

ІІБ мәліметінше, оқиға 14 тамыз күні сағат 11:00-де болған. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған А. А. Шахрихан базарында бірнеше адамның сөмкесінен 492 мың сум және сатушының ұялы телефонын ұрлап алған. 

Күдікті қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Зардап шегуші И. Н. мен куәгер  Г. Р. әйелді ішкі істер органдары қызметкерлеріне тапсыру үшін қолға түсірген. Алайда А. А. қуғыншылардан қашып шығып, Шахрихансай каналына секіріп кеткен. Инспектор әйелді құтқарып, бөлімшеге жеткізді.