АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. "Қазгидромет" 2018 жылдың 21-23 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Батыс Сібір аудандарының суық ауа массалары Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарында көпке дейін сақталады. Сол себепті осы аудандарда жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.
Құрбан айт жайлы әр мұсылман не білуі тиіс
Аптаның ортасында республиканың батысында ауа райы температурасы төмендейді. Қалған аумақта ауа райы температурасы 20-25 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерде күн 30-35 градусқа дейін ысиды.