Әлем

Ғалымдар ақыры адам өмірін ұзартудың жолын тапты

"Дазатиниб" пен "Кварцетиннің" қоспасы қарттық фенотипі бар жасушаларды іріктеп жоюда көмектесетіні анықталды
Sputnik

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Миннесота университетінің ғалымдары қартайған жасушаларды жоюды жеделдететін препараттардың ағзаның қартаюымен күресуде тиімді екенін анықтады, деп хабарлады РИА Новости

Қант қызыл иекті қанатады — ғалымдар

Зерттеу мұндай екі препарат – "Дазатиниб" пен "Кварцетиннің" қоспасы қарттық фенотипі бар жасушаларды іріктеп жоюда көмектесетінін көрсетті.   

Соның арқасында мұндай жасушалар бөлетін цитокиндердің әсерінен болатын қабынулар азаяды. 

Бұл қоспа кеміргіштердің мезгілсіз өлу тәуекелін 65 пайызға төмендетті. Ескі жасушалар трансплантацияланған тышқандардың өмірі осы препараттармен емдеудің арқасында 36 процентке ұзарды. Зерттеушілер алдағы уақытта адамдардың қартаюымен күресте бұл әдістің тиімді екенін дәлелдеп шықпақ.