Спорт

Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан жарыстың финалына шықты

Қазақстандық қыз Болгария спортшысын ұтып, енді словен теннисшісімен бақ сынасады
Sputnik

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің квалификация финалына өтті.

WTA турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам жақындау үшін Дияс Болгариядан келген спортшыны жеңген, деп хабарлайды Sports.kz.

Зарина Дияс Roland Garros жарысында жеңіліске ұшырады

Турнир америкалық Нью-Хейвен қаласында өтті. Қазақстандық теннисші үш сеттен тұратын ойында (6:1, 3:6, 6:3) әлемнің 66-шы ракеткасы Вера Лапконы ұтты. Диястың өзі Әйелдер теннис қауымдастығы рейтингісінде 63-орында тұр.

Дияс енді турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін Словения елінен келген Тамара Цидансекпен бақ сынасады. Кеше олардың кездесуі тоқтатылды, "6:3, 4:2" есебімен Цидансек алда келе жатыр, бүгін ойынды әрі қарай жалғастырмақ.

Екі күн бұрын Дияс отандасы Юлия Путинцеваны жеңді (7:5, 6:1).

Путинцева – әлемнің 50-ші ракеткасы.