Өңірлер

Нөсер жаңбыр мен бұршақ: Солтүстік Қазақстанда күн бұзылады

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірінде күн бұзылады
Sputnik

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел ұйытқиды, деп хабарлады Қазгидромет.

Астана мен бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Өңірде 19 тамыз күні кешкісін күн бұзылады. Дабылды ескерту 20 тамызға дейін сақталады.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының қалған бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Бұдан бұрын жаңбыр мен бұршаққа байланысты 19-21 тамыз аралығында Ақмола облысы мен Астанада жарияланған еді.