Спорт

"Біткен жерің осы шығар". Украиналық ойыншы Қазақстанның футболын сынады

Анатолий Диденко Қазақстан тарапынан өзіне бес бірдей ұсыныс келіп түскенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Одессалық "Черноморецтің" капитаны Анатолий Диденко Украинадағы "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында Қазақстаннан келіп түскен ұсыныс туралы айтып берді. Дәлірек айтсақ, осы ұсынысқа деген көзқарасының қандай екенін жеткізді.

Германиялық футбол жанкүйері Ресейге 1936 жылы шыққан трактормен келді

"Отыз шақта ұсыныс аспаннан жауды десем де болады. "Волыньнан" кеткен соң бір Қазақстанның өзінен бес ұсыныс келіп түсті. Бірақ, мен дәл бұлай түбегейлі өмірімді өзгертіп жібергім келмейді. Одессада барлығы ретке келді: бір бала мектепке, екіншісі балабақшаға барып жүр…

Ал қазақстандық футболға менде еш сенім жоқ. Оның үстіне, дөрекілігім үшін кешірім сұраймын, қайдағы жоқ бір ауылға барып, ақша алмау — біткен жерің осы шығар деймін. Әзербайжанның жағдайы бұл мәселеде тәуірлеу. Сол себепті бір кездері Дима Безотосныйға "Мүмкіндігінше сол жерде ойнай бер. Қазір Украинада жағдай тұрақсыз" деп айтқан едім", — дейді капитан. 

Роналду темір торға қамалуы мүмкін