Мәдениет

Самал Еслямова жаңа қазақ сериалына түсіп жатқанын айтты

Канн кинофестивалінің жеңімпазы телехикаяның көрермендер жүрегінен орын табарына сенімді
Sputnik

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмінде сомдаған басты рөлі үшін Канн кинофестивалінің жеңімпазы атанған актриса Самал Еслямова Қазақстанда "Батырлар жолы" тарихи сериалына түсіп жатыр.

Актриса бұл фильмдегі рөлге қалай ие болғанын айтып, түсірілім барысында алған әсерімен бөлісті.

"Үнемі Ресейде жүргендіктен, қазақ киносына түсу арманым болатын. Өткен жылы осындай жоба басталғанын естіп, суреттерімді жібердім", — дейді Самал Еслямова Instagram парақшасында.

Ол режиссер және түсірілім тобымен жұмыс істеу өте ыңғайлы екенін атап өтті.

"Көрермендерге қызық болады деп ойлаймын, өйткені бұл — қазіргі заманда заманауи режиссер түсірген тарихи қазақ картинасы. Әр көрермен жүрегіне жақын әрі қызық дүние табады", — деп сенім білдірді актриса.

Самал Еслямова түскен "Айка" фильмі прокатқа қашан шығады

Асқар Ұзабаевтың "Батырлар жолы" сериалы Қазақ хандығы үшін қиын кезеңдердің бірі XVII ғасырдағы жаугершілік оқиғалар жайында сыр шертеді. Елді қорғау үшін Қарасай батыр достары Ағынтай және Таймаспен күш біріктіреді.

Сериалдың қашан шығатыны әлі белгісіз.

Самал Еслямова журналистермен кездесті

Самал Еслямованың жетпістегі әкесі: Қызым атқа мініп, мал бағып өсті