Әлем

Google қолданушыларды рұқсатсыз бақылайтынын мойындады

Қазір Google табысы 100 млрд доллар болатын Alphabet холдингінің бір бөлігі
Sputnik

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Google корпорациясы қажет кезде адамдардың рұқсатынсыз оларды смартфондары арқылы бақылап отыратындарын айтты. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Илон Маск Google-дан Қазақстан президенті туралы сұрады
 

Аталған басылымдағы дерек бойынша, Google сайтында тұрған анықтамада олардың адам рұқсат берген кезде ғана бақылау жасайтыны туралы жазылған. Яғни сіз бұл қызмет түрін смартфоныңызда өшіріп қойсаңыз, қайда жүргеніңіз туралы мәлімет аккаунтта сақталмайды. Нәтижесінде Google анықтамадағы осы пунктіні өзгертті. Енде ол жерде келесідегідей жазылған: "Адамдар "Іздеу" немесе "Карта" қызметтерін пайдаланатын болса, қайда жүргеніне қатысты мәліметтер аккаунтта сақталады". 

Google — онлайн-қызметтер мен жоғары технологиялық өнімдерді шығарумен айналысатын, пен жарнамалық технологияларға инвестиция салатын америкалық корпорация.

Google Translate жүйесі қазақша дауыстап аудара бастады

Компания алғаш рет жекеменшік кәсіп ретінде 1998 жылы қыркүйекте тіркелген. Оның негізін Ларри Пейдж бен Сергей Брин салған. Қазір табысы 100 млрд доллар болатын Alphabet  холдингінің бір бөлігі. Штаб-пәтері Маунтин-Вьюде орналасқан.