Оқиға

Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің офицері парамен ұсталды

Офицер елордалық компания басшысынан бес мың доллар пара алып жатқан жерінде қолға түскен
Sputnik

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. 11 тамызда Астанада экономикалық тергеулер қызметінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі парамен ұсталды.

Елордалық мемлекеттік кірістер департаменті офицеріне алды деген күдік келтірілген.

ұлттық бюросы департаментінде хабарланғандай, ер адам алдын ала келісім бойынша 15 мың доллар параның бес мың долларын алып жатқан жерінде ұсталыпты. Компания директорынан "ақшалай сыйақы" күдіктіге ақша жымқыру ісі бойынша қылмыстық қуғындауды тоқтату үшін төленуі тиіс екен.

Аға тергеуші кінәсін толығымен мойындағандықтан, қамауға алынған жоқ.

Алматыда полицейлер қомақты парамен қолға түсті

Сотқа дейінгі тергеулер басталып кетті.

Айта кетсек, жемқорлыққа қарсы қызметте жыл басынан бері экономикалық тергеулер қызметі өкілдеріне қатысты сегіз жемқорлық қылмысы тіркелді. 2018 жылғы қылмыстық істер бойынша жалпы пара көлемі 25,5 миллион теңге болды.

Түркістан облысында әкімнің не үшін ұсталғаны анықталды