Ер адамның айтуынша, соққы толқыны оны 10 метрдей жерге лақтырып жіберіпті. Қала тұрғыны көпірдің қираған сәтін толығымен еске түсіре алмады.
Генуяда төтенше оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Қираған кезде көпір үстінде 30-дан астам көлік кетіп бара жатқан. 45 метр биіктіктен қираған көпір, астында орналасқан бірнеше тұрғын үйді басып қалды.
Соңғы деректер бойынша, қаза тапқандар саны 39 адамға жетті. Көпір 1967 жылы салынған.