Жұмбақ құбыжықтың суреттерімен Facebook желісінде бөліскен Светлана Дяденконы желі қолданушылары сабырға шақырды. Олардың айтуынша, бұл киттің немесе акуланың денесі болуы мүмкін.
Жағалаудан табылатын органикалық массаларды әдетте глобстер деп атайды. Киттер мен акулалардың денесі су ішінде ұзақ жүргендіктен, бұзылып-шіріп, алуан түрлі кейіпке енеді.
КамчатНИРО қызметкерлері де сондай қорытынды жасап, видеодағы құбыжықтың киттің өлі денесі екенін растады.