АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Танымал ресейлік әнші Дима Билан ЭКСПО фонында жартылай жалаңаш түскен суретін Instagram желісіне салып, Астананың футуристік ғимараттарына сүйсінді.
"Мен Астанадамын! Ұйқыдан тұра сала, душқа бара жатып, осындай нағыз футуристік көріністерге куә боласың. Қиялдағы болашақтың басталғаны туралы фильмдер түсіруге лайық", — деп жазды әнші парақшасында.
Атап өтсек, Билан Астанада Конгресс-орталығында 15 тамызда концерт қойған. Негізінде шоу 22 шілдеде өтуі тиіс болатын, бірақ Денис Теннің қазасына байланысты бір айға шегерілді.