АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Алматы облысы Алғабас ауылында құдықтан су тартып алып жатқан үш адам иіс газына тұншығып қалды, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Қайғылы оқиға 12 тамызда кешкі уақытта болыпты.
1993-1994 жылдары туған жігіттер он метр терең құдықтан су тартып шығарып жатады. Мотопомпадан шыққан иіс газына тұншыққан олар оқиға орнында жан тапсырды.