Өңірлер

Ауа райы болжамы: Қазақстанда күн суытады

16-18 тамызға арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

Аптап ыстық, нөсер жаңбыр, дауыл: 5 облыста дабылды ескерту жарияланды

Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа ығысатын болады, оның ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел соғады, күндізгі уақытта бұршақ түсуі мүмкін. 

Түнде температура 7-15-ке дейін, күндіз 18-25 градусқа дейін түседі деп болжанып отыр. 

Республиканың қалған аумағында ауа температурасы бұрынғыдай климаттық нормаға жуық болады. 

17-18 тамызда елдің оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр өтеді.