Оқиға

Алматы облысындағы оқу-жаттығу полигонында жарылыс болды

Төтенше оқиға салдарынан 10 адам зардап шеккен
Sputnik

АЛМАТЫ, 15 тамыз — Sputnik. Алматы облысындағы оқу-жаттығу полигонында снарядтың жарылуынан әскери қызметкерлер зардап шекті.

Қытайда жарылыс болды: 19 адам қаза тауып, 12 адам зардап шеккен

Қоғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай, әскерилердің бірінің батыл әрекеті қайғылы жайттың алдын алған.

14 тамызда Қапшағай қаласына жақын жердегі "Қазақстан" оқу-жаттығу полигонында төтенше оқиға болды. Расталмаған деректерге сүйенсек, нысана алаңын әзірлеу кезінде "белгісіз зат" жарылып кеткен.

Салдарынан 10 адам зардап шекті. Олардың бірі сержант М. Ахметов жарақатына қарамастан, көлікпен үш шақырым жолды жүріп өтіп, жиын командованиесіне хабар берген. Әскери қызметкерлерге медициналық жәрдем оқиға орнында дер кезінде көрсетілді.

Таратылған хабарламада зардап шеккендердің жағдайы бір қалыпты, ем алып жатыр делінген.