Қоғам

Неге әйелдердің басы жиі ауырады?

Әйелдермен салыстырғанда ер-азаматтардың басы үш есе сирек ауырады
Sputnik

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Ерлермен салыстырғанда әйелдердің бас сақинасы ауруына жиі шалдығуының себебі – ауруды тудыратын жүйке жасушалары әйелдерге тән эстроген гормонының әсерінен белсенділігін күшейтеді. Frontiers in Molecular Biosciences журналында мақаласын жариялаған ғалымдар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазір біз бас сақинасы ұстамайтын еріктілерге клиникаға дейінгі сынақ жүргізуге дайындалып жатырмыз. Тәжірибе сәтті аяқталса, бас сақинасына қарсы арнайы ем табуға бір қадам жақындаймыз", — деп мәлімдеді испан университетінің ғалымдарының бірі Антонио Феррер-Монтиель.

Феррер-Монтиель мен әріптестері әйелдердің бас сақинасы неге жиі ұстап қалатынын түсіндіретін зерттеу нәтижелеріне қол жеткізді. Ғалымдар әртүрлі гормондар мен басқа да заттардың бас сақинасына шалдыққандарға қалай әсер ететінін зерттеп көрді.

Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады

Биологтың айтуынша, оның командасы әйелдер мен ерлердің ағзасында әртүрлі мөлшерде кездесетін алуан түрлі заттардың жылы мен суықты сезуге жауап беретін әрі бас сақинасының пайда болуына қатысты TRPV1 рецепторларының жұмысына қалай әсер ететінін қарастырған.

Осы деректерді саралай келе ғалымдар байқағандай, көптеген әйелдер менструация циклі бұзылғанда немесе менопауза кезінде бас сақинасының жеңілдегенін немесе мүлдем айығып кеткенін айтыпты. Осы жайтқа байланысты мақала авторлары әйелдердің басты жыныстық гормоны – эстроген мен бас сақинасының ошағы болып табылатын TRPV1 үштік жүйке тораптары қызметінің бұзылуы арасындағы байланысты анықтауға тырысты.

Ол үшін ғалымдар мидағы TRPV1 рецепторлары мен эстрогеннің әсерінен қозатын жүйке жасушаларының орналасуын өзара салыстырып көрді. Зерттеу нәтижесінде, олардың бір-бірімен сәйкес келетіні анықталған, тіпті мұндай нейрондардың басым бөлігі үштік тораптардың ішінде орналасады екен.

Ғалымдар түсіндіргендей, бұл жүйке жасушалары эстрогенге бай ортада болса сыртқы сигналдарға аса сезімтал келіп, белсенділігі айтарлықтай ұлғаяды. Демек, бұл жасушалар қызметінің бұзылуы немесе әйелдер гормонының шектен тыс болуы бас сақинасын тудырады. 

Ер адамдарда мұндай жайт өте сирек болады, сол себепті олардың басы әйелдермен салыстырғанда үш есе сирек ауырады екен.

Жапондар неге семіздікке шалдықпайды?

Ыстық шайдың сіз білмейтін пайдасы қандай?

Ғалымдар айнаға қараудың адамға қандай пайдасы барын анықтады