Өңірлер

Бүгін Қазақстанның екі өңірінде дауыл соғады

Синоптиктер сейсенбі күні Қазақстанның кей аймақтарында қатты жел соғып, күн күркіреуі мүмкін дейді
Sputnik

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Қазақстанның екі өңірінде сейсенбі 14 тамыз күні дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Синоптиктер елімізде қашан күн ыситынын айтты

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бүгін күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында күндіз күн күркіреп, батыстан соққан желдің екпіні 17 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы – 65-70 %.

Қызылорда облысында да ықтималдығы өте жоғары – 95-100%. Сейсенбі-бейсенбі аралығында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Аспаннан жұлдыз жауған түні түсірілген айшықты кадрлар