Оқиға

Алматыда үш көлік соқтығысты: алты адам зардап шеккен

Зардап шеккендердің арасында жүкті әйел бар. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. Алматыда үш көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Бастапқы деректерге сүйенсек, Toyota Land Cruiser Prado мен Mercedes-Benz Е көліктері Солтүстік шеңбермен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Неге екені белгісіз, жүргізушілердің бірі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-Benz C көлігімен соқтығысады.

1 / 3
Көлік өртеніп кетті
2 / 3
Көлік өртеніп кетті
3 / 3
Көлік өртеніп кетті

Қатты соққыдан көлік қарсы беттік қозғалыс жолағына бір-ақ ығысып, бар жылдамдықпен Mercedes-Benz Е көлігін қаққан. салдарынан Mercedes-Benz C өртеніп кетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шақырылған.

Көлік апатынан алты адам зардап шеккен, біреуі – жүкті әйел.

Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус апатқа ұшырады

Балқаш түбіндегі жол апатында алты адам ажал құшты