Әлем

328 адам мінген жолаушылар пойызы аударылды

Пойызда апат болған сәтте 328 адам болған, кем дегенде 10 адам зардап шекті
Sputnik

АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. Моңғолияның оңтүстік-шығыс бөлігінде  жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Вагондардың рельстен шығуы: ҚТЖ кінәліні атады

Қолда бар мәлімет бойынша, пойызда апат болған сәтте 328 адам болған, кем дегенде 10 адам, оның ішінде үш бала зардап шекті.

Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 7.30-да болған. Пойыз Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан елдің оңтүстік-шығысындағы Замын-Ууд қаласына бара жатқан. 

Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі хал үстінде жатыр.    

Қазіргі таңда оқиғаның себебі белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында теміржол қатынасы белгісіз мерзімге тоқтатылды.   

Моңғол сайттарында жарияланған суреттерден екі вагон аударылып қалғанын, ал пойыз локомотиві теміржол төсемінің жанындағы шалшықта бүйірімен жатқанын көруге болады.

Пойыз апаты кезінде екі аяғын сындырып алған жолаушының  әйелі оқиғаның қалай болғанын айтып берді 

Естеріңізге сала кетсек, 31 шілдеде Жамбыл облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен болатын. Салдарынан 22 адам зардап шегіп, 12 жастағы бала қаза тапты.