АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Астанадан Бурабайға бет алған туристерге арналған ерекше карта Желіде жарияланды.
Kazakh Tourism елордадан курортқа дейінгі аралықта барлық жағдай жасалған әжетханалар орналасқан жерлерді көрсетті. Енді Бурабайға бара жатқан туристер жолда еш қысылмайтын болады.
Ұлттық компания сендіргендей, бұдан былай жергілікті билік жол бойындағы қызмет көрсетуді жақсартпақ. Ел ішінде саяхатқа шығу жанға жайлы бола түседі.