АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Қазақстандық түлектердің Астана әкімінің грантын алып, жоғары оқу орнында тегін оқуға мүмкіндігі бар.
Астана әкімдігі қала басшысының грантын қалай алуға болатынын хабарлады. 2018-2022 оқу жылына күндізгі бөлім бойынша мың орын бөлінді.
Байқау комиссиясы Қазақстан қалаларындағы 12 оқу орнын іріктеп алды: Еуразиялық гуманитарлық институт, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Астана халықаралық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, "Тұран-Астана" университеті, "М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясы" АҚ, "Астана медициналық университеті" АҚ.
Мамандықтар тізімі мен гранттар санын әкімдік сайтынан біле аласыздар.
Құжаттарды 11-15 тамызда тапсыру қажет.