АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. АҚШ-та ұсталған отандастарымызға қатысты тың дерек шықты. Алаяқтық жасады деп айыпталған үш әйелдің бірі Әзиза Джалолованың күйеуі – Элвин Джавадзадеге де күдік келтірілді, деп хабарлайды КТК.
"Қызым наурызда айында тұрмысқа шықты. Бәлкім, күйеуінің қатысы бар шығар.. Тіпті не ойларымды да білмедім, ешкімге кінә арта да алмаймын. Адамның басына бермесін. Өте қиын жағдай", — дейді Әзиза Джалолованың анасы Лола.
23 жастағы Әзизаның анасының айтуынша, қызы 5 ай бұрын АҚШ-та тұрмысқа шыққан. Әзизаның күйеуі 30 жастағы Элвин Әзербайжан азаматы екен. Жас жұбайлардың тойына Әзизаның Тараздағы туыстары бара алмапты. Сол себепті Лола күйеу баласын жүзбе-жүз көрген жоқ.
Америкада ұсталған қазақстандықтардың туыстары мән-жайды айтып берді
Ал Диора Әшірованың жақындарының сөзіне сүйенсек, күйеуі жақында АҚШ-қа ұшқалы жатыр. Отбасының үш баласы АҚШ-та екен.
Айта кетсек, АҚШ-та алаяқтық жолмен көлік сатты деп ТМД құрамына кіретін 8 елдің 25 азаматы қамауға алынған. Олардың үшеуі қазақстандық. Күдіктілердің кінәсі расталса, 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.