Аудан әкімінің айтуынша, түнгі Астана Лас-Вегас немесе Санкт-Петербург сияқты әлемнің әйгілі қалаларынан кем түспейді.
Қала әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен жағалаудағы үйлердің қасбетіне 635 жаңа прожектор орнатылған. Солардың арқасында көздің жауын алар қайталанбас көрініс пайда болады.