АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Қазақстанның алты облысында синоптиктер бұршақ жауады, күн күркірейді және қатты жел соғады деп болжайды, деп хабарлады "Қазгидромет".
11 тамызда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғады – 15-20 м/с. 11 тамызда күндіз Ақтобе қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.
12 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 11 тамызда күндіз және 12 тамызда тәулік бойы найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. 12 тамызда дауыл соғып, тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні – 15-20 м/с. Тараз қаласында оқтын-оқтын найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, 12 тамызда дауыл болады.
Тамыз айында қай күндері аспаннан жұлдыз жауады?
11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Петропавл қаласында 11 тамызда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
11 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғады, тәулік бойы кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 25 м/с жел ұйытқуы мүмкін.
11 тамызда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, ұйытқуы – 25 м/с күтіледі.
12-13 тамыз күндері ШҚО-да және 12 тамыз күні Алматы, Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты кей жерлерде су деңгейі қарқынды көтерілуі мүмкін.