Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

11-13 тамызға арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері күн салқындайды, деп хабарлайды Sputnik. 

Аптап ыстық, нөсер жаңбыр, дауыл: 5 облыста дабылды ескерту жарияланды

Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа ығысып жатыр,  осыған байланысты Қазақстанның көптеген облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, қатты дауылды жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін. 

Солтүстік, орталық, шығыс аудандарда түнде ауа температурасы 5-15 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа төмендейды. 

Батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек кезең соңында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ температура біртіндеп көтеріле бастайды.