АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарьаевқа Елорда күніне орай Азияда жүз жыл бұрын жасалған ерекше самауыр сыйлады.
Бұл самауыр экспонат ретінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кітапханасына берілді.
Кітапхана баспасөз қызметі хабарлағандай, сыйлық шығыс ою-өрнектерімен көмкеріліп, өңдеу тастарымен безендірілген. Мұндай самауырлар Ресейде шығарылатын ыдыстарға мүлдем ұқсамайды, оларды Бұхара мен Самарқандта бірнеше ресейлік кәсіпкер өндірген.
Ерекше сыйлықтар. Апалы-сіңлі Назарбаевалар әкесіне қандай сыйлық жасады?
Самауырлардың тарихы XVIII ғасырдың соңында, дәлірек айтсақ, 1740 жылы Оралдан басталады. Содан кейін Тула қаласында шығарыла бастаған. Орта Азия Ресейге қосылған соң оған деген сұраныс айтарлықтай көбейді. Өйткені шай ішкенді жақсы көретін бұл халықтар арасында самауыр таптырмас құралға айналған.