Қоғам

Ертең Күн тұтылады

Күн тұтылғанда сәулелер өте белсенді болады, сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн
Sputnik

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. 11 тамызда Күн тұтылады. Қазақстанның бірнеше облысының, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары биылғы жылғы күннің соңғы рет тұтылуын тамашалай алады, бұл 2018 жылы күннің бесінші рет тұтылуы. Бұл туралы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник Sputnik агенттігіне хабарлады.

Ғасырда бір болатын құбылыс: бүгін қазақстандықтар айдың толық тұтылуын көреді

Оның айтуынша, күн жартылай тұтылмақ (Ай Күннің жартысын ғана көлегейлейді).

"Күннің тұтылуы Қазақстанның азғантай бөлігінде, дәлірек айтсақ, солтүстік-шығыс облыстарында: Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында ғана көрінеді. Петропавл мен Павлодарда күннің тұтылғанын  анық көруге болады, ал Көкшетауда әрең байқалады, ал Астана мен елордадан оңтүстікке және батысқа қарай мүлдем көрінбейді. Тіпті біздің облыстың оңтүстік-батысында тұратын тұрғындар күн тұтылуын тамашалай алмайды, ал қостанайлықтарға тіпті көрінбейді де. Құбылыс туралы географиялық мәлімет осы", — дейді астроном.

Айтпақшы, елімізде 2015 жылдың 15 наурызынан бері күн тұтылмаған. 

Ислам дінінде айдың тұтылуы қиямет күні белгілерінің бірі болып саналады