АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) рематчқа дайындықты жалғастыруда, деп хабарлады Sports.kz.
"Канело" жаттығу лагерінде Головкинмен рематч алдында өз күшін арттырып жатыр. Ол бұл жолы GGG-ді нокаутқа түсіре ала ма?"— деп жазды твиттерде Golden Boy Promotions.
Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте сол жерде өтеді. Оған Пари-Матч букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициенттер беріп отыр: Головкиннің жеңісі — 1.53, Альварестің жеңісі — 2.53, тең нәтиже — 25. Бұл жолы қос боксшы да жекпе-жекті төрешілер шешіміне дейін жеткізбей аяқтауға уәде берді.