Қоғам

Ұлыбритания патшайымы қазақстандық қыздың хатына жауап берді

Британия патшайымы қазақстандық қызбен кездесе алмайтынын жеткізді, дегенмен ол Англияда оқу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап көрмек
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 тамыз — Sputnik. Ақтөбе тұрғыны Зарина Ахметжан II Елизаветаға хат жазып, одан бірнеше айдан кейін жауап алды. Патшайым қазақстандықпен жеке кездесуден бас тартқанына қарамастан, ол Англияда оқуды армандауын жалғастыра бермек. 

Патшайым ІІ Елизаветаны күзетшісі атып тастай жаздаған

II Елизаветаға хат жазу идеясы Зарина Ахметжанға кездейсоқ келген. Бала күнінен ағылшын мәдениетіне қызығушылық танытқан қыз, мектепте жүргенде-ақ Англияға баруды алдына мақсат етіп қойыпты.  

Ол бірнеше жыл бойы ағылшын тілін үйреніп, мемлекеттің тарихы мен халықтың дәстүрімен танысқан. Тілді еркін меңгергенін түсінген кезде патшайымның өзіне хат жазып, жеке кездесу өткізуді өтінеді. 

"Бір ай жазсам ба, жазбасам ба деп ойланып жүрдім", — деді Зарина Еуразия бірінші арнасының тілшісіне. 

Сонымен бірге, Заринаның өзінің айтуынша, Букингем сарайынан жауап аламын деп үміттенбеген. Алайда патшайымның аты-жөнінің бас әріптері жазылған конвертті алғанда қатты таңғалыпты.    

"Ол (II Елизавета) менің хатымды бағалайтынын, алайда кездескісі келетін адамдардың барлығымен кездесуге мүмкіндігі жоқ екенін жазды", — дейді Зарина.

Соған қарамастан Ұлыбритания патшайымы хатпен бірге естеліке өзінің суретін салып жіберіпті. 

Енді Зарина Ахметжанның Англияда оқуға деген ықыласы одан сайын арта түсті. Қазірдің өзінде емтиханға тиянақты дайындалып жатыр, бала күнінен армандаған елде оқу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап көрмек.  

Нұрсұлтан Назарбаев жас блогердің хатына тәнті болғанын айтты