Әлем

Төрт көз, екі ауыз: Қытайда екі басты бұзау дүниеге келді (фото)

Мал дәрігерлерінің айтуныша, мутацияның бұл түрі қате будандастыру салдарынан туындайды
Sputnik

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қытайдың Шэньси провинциясындағы Дунгоу ауылында екі басты бұзау туды.

Басында екі беті бар бала дүниеге келді

Сиырдың иесі хабарлағандай,  басқа бұзауларда ешқандай кемтарлық болмаған, деп хабарлайды Sputnik агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Әйелдің айтуынша, бастапқыда бұзаудың ерекшелігін байқамай да қалыпты. "Басы үлкендеу екен деп ойладым, — дейді Фэн Вэньхун. — Кейін жақындап қарасам, екі басы бар екен".

Бұзау екі аузымен де іше алады, өзі біршама мықты болғанымен, аяққа тұрып кете алған жоқ.

Көгершін басты балық ауға түсті — видео

Ауыл тұрғындары ерекше жануарды көру үшін Фэн Вэньхуннің үйіне ағылып жатыр.

​Мал дәрігерлерінің айтуынша, мұндай генетикалық мутация қате будандастыру салдарынан туындауы мүмкін.