Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 тамыз

Бұл – Григориан күнтізбесінде 222-ші күн. Жылдың соңына дейін 143 күн бар
Sputnik

10 тамызда не болғанын білесіз бе? Бүгінгі күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

10 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық биоотын күні. Мерекенің тарихы 1893 жылғы 10 тамыздан басталады. Бұл күні биодизель отыны алғаш рет пайдаланылды. Қозғалтқыш жержаңғақ майымен жұмыс істеді.

Бұл күні Ресейде дене тәрбиесімен шұғылданушылар күні аталып өтеді. Мереке тұңғыш рет 1939 жылы ресми түрде мерекеленген. Алғаш рет аталған күн спортты насихаттайтын ұлттық мереке ретінде тойланды. Кейін мерекенің нақты күні белгіленбей, тамыздың екінші сейсенбісінде аталып өтті. Ал 2019 жылы дене тәрбиесімен шұғылданушылар күні 10 тамызға түсіп тұр. Кеңес үкіметі кезінде бұл күнге баса назар аударылды. Одаққа мүше республикарда және мектептерде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Ресей Федерациясында дене тәрбиесімен шұғылданушылар күнін мерекелеу 1995 жылы қайта жанданды. Бірақ бұрынғыдай дүркірете тойланған жоқ. Тек 2018 жылы Ресейдің көптеген қаласында мереке кеңінен аталып өтті. Мысалы, Пермь қаласында түрлі спорт түрлерінен, би, фитнестен мастер-класстар ұйымдастырылды. Түменде спорттық шаралар ұйымдастыруға байланысты бірнеше көшені жабуға тура келді. Оңтүстік-Сахалинде жастар үшін жергілікті паркте скейтборд, самокат, баскетбол және түрлі спорт секцияларын ұйымдастыру үшін арнайы орын бөлінді.

Бүгін – қума жел күні. Мерекені бейресми түрде 10 тамызда қызықты оқиғаларды іздеушілер, саяхатшылар, яхта спортымен шұғылданушылар, желкенді қайық иелері атап өтеді. Бұл күнді желкенді қайық, яхта, катер және тағы басқа жүзуге арналған құралдар арқылы түрлі жарыстар ұйымдастырып, мерекелеуге болады.

10 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1539 жылы Франция королі I Франциск елдің мемлекеттік тілі – француз тілі деп жариялады;

1833 жылы АҚШ-тағы Чикаго қаласының негізі қаланды; Алғашында бұл қаланың орнында 200 адам қоныстанған Уинди-Сити ауылы болды;

1876 жылы Канададағы Онтарио қаласында алғаш рет халықаралық телефон қоңырауы шалынды;

1889 жылы британиялық Дэн Райлэндс бұрандалы тығынмен жабылатын бөтелкені патенттеді;

1985 жылы америкалық танымал әнші Майкл Джексон 47,5 миллион доллар жұмсап, ұлыбританиялық The Beatles тобының әндерінің құқығына ие болды;

10 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1959 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің шешімімен облыстық балалар кітапханасына ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді;

1995 жылы Семей қаласында Абайдың жаңа мәдени-тарихи және аумақтық-мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды;

1999 жылы "ҚР ауылдық тұтынушылық кооперациялар туралы" заңы жарияланды;

2004 жылы ҚР Ұлттық ғылыми орталығының геофизикалық зерттеулер институтының филиалында ядролық жарылыстарды бақылау бойынша жаңа сейсмикалық стансының ресми ашылуы өтті;

2005 жылы Алматыда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 160 жылдық мерейтойы аталып өтті;

2010 жылы Талдықорған қаласында спорт сарайы алдында қазақтың ұлы композиторы Сүйінбай Аронұлына ескерткіш орнатылды;

2014 жылы екі атақты қазақстандық балуан Вадим Псарев пен Жаксылық Үшкемпіровтің есімдері Швейцариядағы ФИЛА штаб-пәтеріндегі күрес даңқы залына енгізілді;

2016 жылы "Құнанбай" фильмі ХІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысты;

10 тамызда туған танымал тұлғалар

1896 жылы чеш журналисі, аудармашы, неміс жазушысы Франц Кафканың ғашығы Милена Есенская дүниеге келді;

1906 жылы КСРО спорт журналисі және радиокомментаторы Вадим Синявский дүниеге келді;

1957 жылы Ресей театр және кино әртісі Андрей Краско дүниеге келді;

1960 жылы америкалық және испан әртісі, режиссер Антонио Бандерас дүниеге келді;

10 тамызда Қазақстанда кімдер туды

1845 жылы қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбаев дүниеге келді;

1874 жылы алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері Елеусіз Бұйрин дүниеге келді;

1944 жылы сәулет докторы, профессор, білім беру үздігі, Қазақстанның құрметті сәулетшісі Болат Құспанғалиев дүниеге келді;

1948 жылы композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық өнер академиясының корреспондент мүшесі Мұрат Құсайынов дүниеге келді;

1957 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тахир Балықбаев дүниеге келді;

1962 жылы "Шәкен жұлдыздары" продюсерлік орталығы" компаниясының бас директоры Венера Нығматулина дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде болады. Күш-қуатыңыз кеміп, денсаулығыңыз нашарлауы мүмкін. Сондықтан өз-өзіңізді күтіп, денсаулығыңызға мән беріңіз. Шешілмеген мәселелер туралы көп ойламаңыз. Бұл күні ұйықтап, тынығып алыңыз.