Қоғам

Бастырылу деген не және одан қалай арылуға болады?

Дәрігерлердің айтуынша, ұйқы салы қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден пайда болады
Sputnik

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Бастырылу медицинада ұйқы салы деп аталады, оның алдын алуға болады. Ислам тұрғысынан да істеуге болатын амалдар бар, деп жазады ummet.kz. 

Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады

Дәрігерлердің айтуынша, ұйқы салы қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден туындайды. Ұйқы кезінде физиологиялық сал жағдайы болып, бұлшықеттер қимылдай алмайды. Адам ұйқыдан оянған кезде әрекет ете алмайды, дыбыс шығара алмайды.

Үстімізде ауыр жүк бардай, біреу отырып алған сияқты көрінеді. Біраздан соң өздігінен өтеді. Мұндай жағдай медицина тұрғысынан ауруға жатпайды, сондықтан емделуді талап етпейді. Алайда ұйқы салының алдын алуға мүмкіндік бар.

Дәрігерлердің айтуынша, адамдардың ұйқы салына түсуі мына жағдайларға байланысты:

  • Аз ұйықтау;
  • Ұйқы тәртібінің бұзылуы;
  • Күйзеліс және депрессия;
  • Кейбір дәрілік препараттардың кері әсері;
  • Ұйықтар алдында дұрыс тамақтанбау;
  • Шалқасынан жату;

Ислам тұрғысынан не істеуге болады?

Бастырылудан арылу үшін ұйқы алдында да намазға дайындалғандай дәрет алып жату керек. 

"Әузу-бисмилләһи минашшайтани ар-раджиим" сөзін айтып, оң жақпен жату қажет.

Аят-әл курси, үш Ихлас, Фатиха, Фәлақ және Нас сүрелерін оқу керек. Одан кейін үш рет "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу" деңіз.

Ислам дінінде қалжыңдап болса да айтуға болмайтын сөздер

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Үйінде Фатиха мен Аятул күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді", — деген. 

Төмендегі хадис шәрифтердегі дұғаларды оқу керек: "Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул алим" дұғасын азанда 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін ешқандай бәле келмейді" (Ибн Мажа) "Әузу бикәлимәтил-ләһит-таммәти мин шәрри мә халәқа" дұғасын оқыған адамға, сол жерден кеткенге дейін ешнәрсе зиян бере алмайды" (Мүслим).