Әлем

Ер адам әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқып, екі жылға сотталды

Сондай-ақ, сот оған әйелімен сөйлесуге тыйым салды
Sputnik

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Испания тұрғыны әйелінің WhatsApp мессенджеріндегі хаттарын оқып, жария еткені үшін екі жылға түрмеге қамалды. 

WhatsApp жаңа функцияларды іске қосады

Қызғаншақ күйеу тыңшылық бағдарламаның көмегімен әйелінің хаттарын оқып, кейін оған скриншотын жіберіп отырған. Бұған қоса, ер адам хаттарды жария еткен. 

El Confidencial ақпаратынша, бұған қоса әйел күйеуін ұрды және зорлады деп айыптаған. Айыптау тарапы 32 жастағы кәсіпкерді 78 жылға соттауды талап етті. Алайда ұрып-соғу және зорлау фактісін дәлелдеу мүмкін болмады. 

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан айырды және 3,3 мың еуро мөлшерінде айыппұл салды. 

Сондай-ақ оған әйелімен сөйлесуге тыйым салынды. 

WhatsApp-та тыңшылық жасайтын жаңа вирус пайда болды

Жәбірленуші тарап Валенсияның Жоғарғы сотына үкімге шағым түсіруі мүмкін.