АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Нью-Йоркте тазалықшы Ла-Гуардия әуе кемесінің әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды.
Жансыз шарананы American Airlines қызметкері көріп қалыпты. Ол сейсенбі күні Солтүстік Каролинадан Нью-Йоркке қонған ұшақты тазалап жатқан.
РИА Новости жазғандай, әуе компаниясының өкілдері қазір полицейлермен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"Біз бұл қайғылы әрі шетін жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнаттық", — деп мәлімдеді American Airlines өкілі.
Әуежай өкілдері Twitter-де осы жолақпен ұшатын барлық рейстің жолаушыларына полиция тексеріс жүргізіп жатқанына байланысты ұшақтар кешігуі мүмкін екенін ескертті.