Өңірлер

Түркістан облысында ұсталған әкім параны қалай алғаны белгілі болды

Күдіктінің қоғамға қаупі жоқ екені ескеріліп, қамауға алынған жоқ
Sputnik

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында ұсталған Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов толығымен кінәсін мойындап, өз ісіне өкінді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түркістан облысында әкімнің не үшін ұсталғаны белгілі болды

Жахиннің айтуынша, жекеменшік компанияның басшысы Ордабасы ауданы әкімінің үстінен шағым түсірген. Белгілі болғандай, жекеменшік компания сәуір айында 2,2 миллион теңге тендер ұтып алған. Көркейту жұмыстарын орындау барысында күдікті үнемделген бюджет қаражаты есебінен 2,1 миллион теңге мөлшерінде қосымша келісімшарт бекітуді ұсынады. Ол келіскен. Барлық жұмыс аяқталған уақытта, Ордабасы ауданының әкімі қаражатты компанияның шотына бірден аудармаған, әуре-сарсаңға салған. 

"Аудан әкімі бүкіл соманы еш кедергісіз алу үшін жекеменшік компанияның өкілінен 200 мың теңге пара талап еткен. Әкім жемқорлық қылмысын жасағанын мойындады, өкініп, қылмыстық істі жеделдетілген тәртіппен аяқтауды сұрады", — деді Жахин Астанада өткен брифингте.

Түркістан облысында ауыл әкімі "жоғалып" кетті

Ол күдіктінің қоғамға қаупі жоқ екені ескеріліп, қамауға алынбағанын, іс 10 тәулік ішінде аяқталғанын атап өтті.  

Әкім сот алдында жауап береді.