Әлем

Саябақтағы балалар алаңының қасынан мәйіт салынған чемодан табылды

Мәскеу қаласының оңтүстік-батысындағы саябақтан адамның денесі табылды
Sputnik

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Мәскеудегі Воронцов саябағында чемодан ішінен адамның денесі табылды, оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Мәскеу қаласы бойынша Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Өзен жағасынан 26 шабылған қол салынған қап табылды

Бұдан бұрын РБК хабарлағандай, Мәскеу қаласының оңтүстік-батысындағы Воронцов саябағындағы балалар алаңына жақын жерден табылған чемоданның ішінде адамның мәйіті табылыпты.

Алматыда екі әйелдің мәйіті табылды

"Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда", — деп хабарлайды агенттікке сұхбат беруші.

Ақтөбеде адамның бассыз денесі табылды

Бастапқы мәлімет бойынша, бұл – әйел адамның мәйіті. Сырттай қарағанда зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.