Өңірлер

Шымкенттен ауылға қонаққа барған 8 жасар бала әпкесін атып өлтірді

Оққа ұшқан он жасар қыз бала ауруханаға жетпей, жолда қайтыс болған
Sputnik

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik.  Түркістан облысының Созақ ауданында апасының үйіне қыдырып барған балақай абайсызда туған әпкесін мылтықпен атып өлтірді, деп жазды otyrar.kz.

Орны толмас өкінішке толы оқиға Сызған ауылында болған.

Қазақстандықтарға қару ұстауға рұқсат берген дұрыс па? Сарапшылардың пікірі

Шымкенттен апасының үйіне жазғы демалысқа қонаққа барған балақайлар үйде кілемде ілулі тұрған атыс қаруын байқап қалады. Ересектердің көзінен тасалап, үй маңындағы алқапқа апарып, атыс қаруын қарап жатқанда он жасар туған әпкесін сегіз жасар балақай абайсызда атып салады. Алған дене жарақатынан қыз бала ауруханаға жетпей, жолда қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан обыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау инспекторы мәлімдеді.

Түркістан облыстық ІІД заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу мақсатында түрлі іс шаралар өткізіп жатыр. Облыс аумағында төрт күннің ішінде, яғни, шілденің 30-ы мен тамыздың 2-сі аралығында 5 мыңнан астам қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 10 қару тәркіленіп, заңсыз айналымнан алынды. 13 қаруды ерікті түрде тапсырған.

Алматыда он адамды өлтірген Руслан Күлекбаев түрмеде немен айналысып жатыр?  

Биылғы жылдың сәуір айының 10 мен мамырдың 30-ы аралығында арнайы акция ұйымдастырылып, заңсыз 334 қару тұрғындардан сатып алынған. Бұл мақсатқа бюджеттен 17 миллион 500 мың теңге қарастырылған болатын.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде өткізген жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.

Қытайдан оралған қазақ отбасыға қарақшылық шабуыл жасалды