Дерекқор

Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз
Sputnik

Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер университетін "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша бітірді.

1 / 8
Димаш Құдайберген XXVII халықаралық "Славян базарының" ашылу салтанатында өнер көрсетуде
2 / 8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
3 / 8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
4 / 8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
5 / 8
Димаштың фанаттарымен кездесуі
6 / 8
Димаш Құдайберген "Еуразия" кинофестивалінде
7 / 8
Димаш Құдайберген 58 жастағы америкалық фанатымен кездесті
8 / 8
Димаш Құдайберген Францияда

Димаштың ата-әжесі де музыкаға жақын жандар.

Димаштың жеңісі 

Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Алайда жас әншінің бағын Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық ән байқауы ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді.

Осыдан кейін жас орындаушы бір жылдай Қытайдың "Мен әншімін" жобасына қатысып, талантымен миллиардтар елін таңғалдырған еді. Сөйтіп 2017 жылы Димаш қытайлық жобада екінші орын алды.

Осы жеңісінен кейін Димаш Францияның танымал бағдарламасына құрметті қонақ ретінде шақырылды. Отандасымыз әлем жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетіп, француздарды тәнті етті.

"Соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын" Димаш Теннің отбасына көңіл айтты

Димаштың концерті

Димаш алғашқы әлемдік турнесі аясында Қытайдың бірнеше қаласын аралады. Ал 2017 жылдың жазында Астанада алғашқы үлкен концертін берді. Шығармашылық кешке қазақстандықтардан бөлек, Қытай, Италия, Ресей, Украина, АҚШ және Франциядан тыңдармандар келді. "Астана-Арена" спорт кешеніне бас-аяғы 30 мыңдай көрермен жиналған.

Сондай-ақ, Димаш MTV Music Awards жүлдесінің иегері, "Азияның ең танымал әншісі", "Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші", "Жылдың ең үздік әншісі" номинацияларының жеңімпазы. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың мыңдаған тыңдарманы бар.

Димаш Ресейдің әйгілі әншісін қалай гүлсіз қалдырды?

Димаштың отбасы

2018 жылдың мамыр айында әнші Screaming әніне түсірілген алғашқы бейнебаянын таныстырды. Бұдан бөлек, Айман Мұсақожаева Қытай кинокомпаниясы Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Димаш Құдайберген

Димаш атасы мен әжесінің тұңғыш немересі, кішкентай кезінен солардың қолында өскен. Димаштың Раушан есімді қарындасы мен Әбілмансұр есімді інісі бар.