АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
"Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.
Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.
Тағы оқыңыз: Қырғызстан президентінің жалғыз қызы тұрмысқа шықты — видео